Акселерация бағдарламасы
Таза технологиялар саласындағы жаңашылдарға өміршең бизнес-модельдерді әзірлеуге қолдау
көрсетуге және олардың идеяларын жылдам өсетін, ауқымдалатын әрі инвестиция тартуға дайын
кәсіпорындарға айналдыруға бағытталған 4–6 айлық оқыту бағдарламасы.
Пре-акселерация
Ақпараттандыру, стартаптарды іздеу және тарту.
Акселерация
Өтінімдерді іріктеу, оқыту, консалтинг, менторлық қолдау және гранттық қаржыландыру.
Жетілдірілген және пост-акселерация
Стартаптарды қолдау, сүйемелдеу және ілгерілету.
GCIP жобаларының салалары мен нәтижелері (2023–2025)
тиімділік көрсеткіштері
Стартап-жобаларға қойылатын талаптар
Технология өзекті, инновациялық, жаңашылдыққа ие және коммерцияландыру әлеуеті болуы
тиіс.
Басым бағыт
● Энергия тиімділігі
● Жаңартылатын энергия көздері
● Қалдықтарды басқару
● Суды тиімді пайдалану
● Жасыл құрылыс
● Таза көлік
● Алдыңғы қатарлы материалдар мен химикаттар
Даму сатысы
Технологиялық дайындық деңгейлері (Technology Readiness Levels, TRL):
● TRL 3 (Концепцияны дәлелдеу): Технологияның жұмысқа қабілеттілігін зертханалық
жағдайда растау, алғашқы эксперименттік зерттеулер жүргізу.
● TRL 4 (Зертханалық прототип): Негізгі функцияларды көрсететін зертханалық прототипті
әзірлеу және тестілеу.
● TRL 5 (Нақты жағдайларға жақын прототип): Технологияны нақты жағдайларға барынша
жақын ортада сынақтан өткізу.
● TRL 6 (Алдын ала сериялы прототип): Прототипті нақты ортада сынау және әрі қарай
ауқымдауға дайындық.
Команда
Бағдарламаға тек командалар қатыса алады (кемінде екі адам), олардың кемінде бір мүшесі
қатысушы елдің азаматы немесе резиденті болуы тиіс.
Орналасуы және қызметі
Компанияның тіркелген нақты мекенжайы болуы және қатысушы ел аумағында қызмет жүргізуі
қажет.

