Кәсіпорындардың технологиялық міндеттері
Технологиялық міндеттер — экологиялық жүктемені төмендетуге және энергия тиімділігін арттыруға бағытталған инновациялық шешімдерді, жаңа тәсілдер мен технологияларды (технология трансферті) талап ететін мәселелер болып табылады. Бұл міндеттерді шешу GCIP Kazakhstan жобасы аясында тиісті салалар бойынша жүзеге асырылады.
Мұнай-газ саласында технологиялық міндеттерді пысықтау жоспарланған кәсіпорындар тізімі:
- NCOC
- «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» АҚ
- Falcon Oil and Gas
| № | Кәсіпорындарда жасыл технологияларды әзірлеу және енгізуге байланысты экологиялық сипаттағы технологиялық міндеттер* | Міндеттің сипаттамасы |
|---|---|---|
| 1 | Ұшқышсыз ұшу аппараттарын (ҰҰА) қолдану арқылы әуеден мониторинг жүргізу | Өндірістік алаңдардағы метан шығарындыларын бақылау. Жануарлар әлемі нысандарын (тюленьдер, құстар) мониторингтеу. |
| 2 | Жасанды су айдындарында биогендік күкіртсутектің түзілуінің алдын алу | Бактериялардың тіршілік әрекетінің нәтижесінде жасанды тоғандарда биогендік күкіртсутектің түзілуі, бұл атмосфералық ауаның сапасын нашарлатады. |
| 3 | Әмбебап қосымшаның болмауы | Өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін ISO 50001 стандартына сәйкес энергия менеджменті жүйесі бойынша әмбебап қосымшаны әзірлеу. |
| 4 | CO₂-ны ұстау және сақтау бойынша тоннасына 100 АҚШ долларынан төмен технологиялық шешімдердің болмауы | CO₂-ны ұстау және сақтау бойынша барлық коммерциялық қолжетімді технологиялық шешімдерді іздеу. |
| 5 | Өндіру және өңдеу процестері басталған жағдайда баламалы энергетиканы дамыту | Экономикалық және техникалық себептерге байланысты дәстүрлі технологияларға қарағанда аз таралған перспективалы қондырғыларды, технологияларды және отынды болашақта әзірлеу және пайдалану. |
| 6 | Энергия тиімділігін арттыру үшін жабдықтарды жаңғырту | Ескірген сынапты шамдарды заманауи жарықдиодты (LED) шамдарға ауыстыру. |